Биыл Шымкентте 55 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. Оның 40 мыңнан астамын тұрақты, ал 8 мыңға жуығын уақытша жұмыс орнына орналастыру көзделген. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева айтты.
Жанат Өтебаева, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының башысы: «Оның ішінде, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нәтижесінде 42 500 адам қатысты. Кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде кәсіби білім беру, кәсіпкерлікті дамыту, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту, субсидияланатын жұмыс орындарымен қамту қарастырылған»
Басқарма басшысының сөзінше былтыр жоспар бойынша, 57 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру керек болса, жоспар артығымен орындалып, 74 мың азамат екі қолға бір күрек тапқан.