Былтыр шымкенттіктер көліктеріне VIP-нөмірлер алу үшін 1 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған.
2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған ХҚКО-лар 4 мыңнан астам жоғарғы сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлерін берген. Олар үшін көлік иелері 1 млрд 325 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған. 2022 жылмен салыстыратын болсақ, шымкенттіктердің VIP-нөмірлерге жұмсаған қаражат көлемі 1 млрд 076 млн теңгеден асқан. Мұндай мәліметті «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалындағылар ұсынды.
Қазақстанда VIP-нөмірлерді сату тәжірибесі 2014 жылы енгізілген. Сатудан түскен қаржы ел бюджетін толықтырады.
2023 жылы 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 нөмірлері ең жылдам сатылған нөмірлер болып табылды. Әр нөмірдің бағасы 57 АЕК-ті (2024 жылы 210 444 теңге) құрады.
VIP-нөмірлер қатарындағы әріптері бірдей ең қымбат сандар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сандары екенін атап өтеміз. Мұндай әрбір нөмір көлік иесі үшін 285 АЕК (2024 жылы 1 052 220 теңге) тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкентте қазіргі уақытта төрт мамандандырылған ХҚКО жұмыс істейді. 2023 жылы қаланың мамандандырылған ХҚКО-ларында
300 мыңнан астам көлік тіркеліп, 100 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілді.