Қазір Қазақстанда UTC+6 және UTC+5 деген екі уақыт белдеуі бар. Батыс Қазақстан өңірінің 4 облысы мен Қызылорда облысы 5-ші сағаттық белдеуді, ал қалған облыс-қалалар 6-шы сағаттық белдеуді қолданып келеді. Келер көктемнің алғашқы күні – 1 наурыздан бастап еліміздің барлық өңірі 5-ші сағат белдеуіне көшеді. Демек, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында да сағат тілі 1 сағат артқа жылжиды. Солтүстік пен шығыс, орталық облыстарда, Астана мен Алматыда да 5-ші сағаттық уақыт белдеуі болады. Жоғары санатты дәрігер, педиатр Қанатжан Кемелбеков уақыт белдеуін 5-ші сағат белдеуіне көшіру – оңтүстік тұрғындарының денсаулығына пайдалы екенін айтады. Өйткені Қазақстан аумағы 5-ші сағаттық тұрақты уақыт белдеуіне жатады. Жоғары санатты дәрігер, педиатр Қанатжан Кемелбеков уақыт белдеуін UTC+5-ке көшіру – оңтүстік тұрғындарының денсаулығына пайдалы екенін айтады. Өйткені Қазақстан аумағы +5 тұрақты уақыт белдеуіне жатады.
Қанатжан Кемелбеков, жоғары санатты дәрігер-педиатр, PhD доктор. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының интернатура деканы:
Батыс қазақстан аймағы 5 ші белдеуге кіреді, ал қалған Солтүстік, Орталық, Орталық, Шығыс ҚаЗақстан. Сондықтан әртүрлі уақыттық белдеу, бұл айырмашылықтың болуы адамның ағзасына тікелей әсері бар. Орталық жүйке жүйесіне, адамның стресстік жағдайына, ұқйсының бұзылыстарына және жүрек қантамыр жүйлеріне өте үлкен салмақ түседі. Енді екі уақыттық белдеуден 5 ші жүйеге көшсек, бірінші Қазақстанның барлық аймақтарында бір уақыттық жүйе болады. Екіншіден биоритмдік жүйе сәйкес жұмыс жасайды. Үшіншіден коммуникациялық жүйелер пойыз, самолетке мінеміз. Осы кезде сағаттағы айырмашылық жойылатын болса, Қазақстан бойынша барлық жүйелер тиімді атқарады.
Елімізді UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшіру туралы шешімді Сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы қабылдаған. Зерттеу институттары мен университет ғалымдарынан құралған жұмыс тобы уақыт белдеуін 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні ауыстыру ағзаға күш салмай, жаңашылдықты оңай қабылдауға әсер етеді деген тоқтамға келіпті.
Халима Кидирбаева, биология ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті:”Биологиялық деген ұғым бар, бұл сыртқы және ішкі ортаның динамикалық тұрақтылығын және ағзаның ішкі ресурстарын үнемді жаратылуын қамтасыз ететін фактор болып саналады. Оны біз циркадалық ритм деп атаймыз. Ол ішкі және сыртқы тепе-теңдікті сақтап отырады. Ал белдеу уақытысы өзгерген уақытта адамның ұйқы сергектік қабілетіне әсер етеді. Сонымен қатар ішкі биологилық процестерге кері әсер етуі мүмкін. Әрбір аймақтың өзіне тән уақыт белдеуінің өзгеруі адамға әсер етеді. Ал адамның санасы бәрібір сол уақытқа тәуелді болып тұрады өзгертілегн уақытқа. Мысалы бір сағат бұрын беймарал болған адам, 1 сағат алға жылжитын болса, онда стресс, ал керісінше артқа жылжыса ал адамда тағы да стресс.
Ғалымдар мен дәрігерлердің айтары осы. Жұртшылық бұған не дейді? Шымкент тұрғындарының пікірін сұрадық.
Дәрігерлер мен ғалымдар уақыт белдеуін өзгертуді алғашында әркім әртүрлі қабылдайтынын айтады. Десе де биоритмге денсаулыққа да, өмір салтына да тиімді жағы көп екен. Тарихқа оралсақ, елімізде 2004 жылға дейін “декреттік уақыт” деген болған. Сол бойынша көктемде сағат тілін 1 сағат алға жылжытып, күз келгенде қайтадан 1 сағат артқа жылжытатын. 2005 жылдан бастап “декреттік уақыт” жойылып, ел аумағында екі сағат белдеуі қалды. Енді міне қоғам талқысынан кейін, Үкімет арнайы қаулы шығарса, ел аумағында бірыңғай уақыт белдеуі енеді.