Шымкентте тәрбие құрылымдарының офицерлері марапатталды

22

 

 

Шымкент гарнизонында тәрбие құрылымдарының офицерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл күні 1993 жылы Ел Президентінің Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәрбие құрылымдарының офицерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

 

Іс-шара қалалық жастар ресурстық орталығында өтті және гарнизонның әскери бөлім командирлерінің, қорғаныс істері департаменттері мен оқу орындары тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарларын, сондай-ақ Қарулы Күштер ардагерлерін жинады.

Салатанатты жиын барысында қатысушыларды гарнизон бастығы подполковник Айдос Исаев құттықтады. Ол бүгінде гарнизонның әскери ұжымдарының тәрбие және идеологиялық жұмысы ақпараттық-тәрбие, психологиялық, мәдени-демалыс, әскери-әлеуметтік, әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, сондай-ақ жоғары моральдық-психологиялық ахуалды сақтау сияқты көптеген бағыттар бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

– Тәрбие құрылымдары офицерлерінің жұмысы қажырлы және маңызды. Олар әскери қызметшілермен тіл табыса білуі, оларды түсінуі және сенімді қарым-қатынас құрудың жолдарын табуы керек. Жеке құрамның жоғары моральдық-психологиялық жай-күйін сақтау тікелей тәрбиешілерге байланысты, – деп атап өтті подполковник Айдос Исаев.

Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлар институтының құрылу тарихы Қарулы Күштердің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан армиясының дамуы мен қалыптасуына қосқан зор үлесі үшін салтанатты жиын барысында ұрпақтар сабақтастығын көрсету мақсатында Қарулы Күштердің ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

– Запасқа кеткен әскери қызметшілердің көпшілігі бүгінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісіне жан-жақты жәрдем көрсетуді жалғастырып жатқанын түсіну қуантады. Әскери ұжымның қамқорлығы мен назарының арқасында біз, Қарулы Күштердің ардагерлері, қоғамға, әсіресе жастарымызға жинақталған тәжірибемізді жеткізу үшін әлі де пайдалы екенімізді сезінеміз. Бұл ұрпақтар сабақтастығының басты мәні мен кілті, онсыз біз болашаққа жол ашпаймыз, – деп атап өтті запастағы полковник Реиімбай Халмуратов.

Үздік тәрбиешілер гарнизон бастығының атынан грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды. Іс-шара қатысушылар мен қонақтарға қуанышты және мерекелік көңіл-күй сыйлаған мерекелік концертпен аяқталды.