Конституция күніне орай полиция қызметкерлері марапатталды

802

Шымкент қалалық Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс-шараға департаменттің басшы, жеке құрамы және ІІО ардагерлері қатысты.

Мерекелік іс-шараны департамент бастығы полиция полковнигі Е.Жұмаханбетов ашып, өз баяндамасында Конституция – тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі екендігін, сондай-ақ әділетті қоғамды құруда басты тірегі болып табылатынын атап өтті. Яғни ІІО әрбір қызметкерінің басты міндеті заманауи қоғамдағы адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау.

Полиция қызметкері өз ісінің кәсіби шебері, өз халқына адал еңбек етуші, ҚР ІІО беделін көтеруші екендігін жеткізді. Баяндама соңында Шымкент қалалық ІІД-нің бастығы полиция полковнигі Е.Жұмаханбетов барлық полиция қызметкерлерін Конституция күнімен құттықтап, қызметтеріне сәттілік, отбасыларына амандық, бастарына саулық тіледі.

Осындай айтулы күні өз қызметін адал атқарып, жедел қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген 80-нен астам полиция қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болды. Оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі атынан 16 полиция қызметкеріне төсбелгі, грамота және алғыс хаттар тапсырылды. Шымкент қалалық ІІД бастығының бұйрығымен 50-ге жуық полицейлер марапатталды.

Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты іс-шара қалалық эстрада жұлдыздарының концертімен жалғасты.

Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы