Түркістан: Қыздар арасында күрестен облыс чемпионаты басталды

0
фото Егемен.кз

Сайрамда қыздар арасындағы күрестен облыс чемпионаты басталды. Жарысты жалпы саны 84 балуан боз кілемде бақ сынап, өзара мықтыны анықтайды. Жеңіске жеткендер сәуір айында өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайды.

Сайрам ауданында жастар мен жасөспірім қыздар арасында облыс чемпионаты басталды. Бәсекеге оңтүстік өңірінен жалпы саны 10 команда қатысып, 84 спортшы боз кілемде бақ сынамақ.

Нұржігіт Ерімбетов, әйелдер күресінен облыстың аға жаттықтырушысы: «Әйелдер күресі облыс болып құрылғалы бері 2-ші рет өтіп отыр. Алдыңғы жылға қарағанда, биыл қатысушылар көп. Мұндағы басты мақсат жастар және жасөспірімдер арасында облыстың құрама командасын іріктеп, ҚР чемпионатына команда жасақтап алу»

Айта кетейік, ақпан айында елордасы Астанада күрес түрлерінен елішілік дода өтеді. Жаттықтырушылар Олимпиадаға лицензия алуға мүмкіндік болатын бұл бәсекеге дайындық қызу дейді.

Нұржігіт Ерімбетов, әйелдер күресінен облыстың аға жаттықтырушысы: «Олимпиада алдындағы шешуші сайыс бұл – ҚР чемпионаты. Барлық өңірдегі командалар жақсы дайындықпен келеді. Өйткені бұл лицензия алу үшін өтетін чемпионат. 59 кг Мадина Аман, 57 кг Шұғыла Өмірбек, 53 кг Аяжан Мақашев бабында тұр. Сол қыздарымыздан нәтиже күтеміз»

Ал, бүгінгі сайыстан бірінші және екінші орын алған балуандар сәуір айында Петропавлда өтетін ел чемпионатында облыс намысын қорғайды.