«Халық жүрегіндегі қаһарман» көшпелі көрмесі Шымкентте

60
фото e-history.kz

Шымкентте «Халық жүрегіндегі қаһарман» көшпелі көрмесі өтіп жатыр. Салтанатты шара ҚР Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовке арналған. Көрмеге армия генералының экслюзив фотосуреттері мен құнды құжаттары қойылды. 

«Халық жүрегіндегі қаһарман» көшпелі көрмесі Шымкентке келді. Салтанатты шара ҚР Тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовке арналған. Көрмеде Халық қаһарманының 30-ға жуық экслюзивті фотосуреті мен құнды құжаттары қойылды. Мегаполис тұрғындары жалпы саны 100-ден астам жәдігердің куәсі болды.

Дәулет Қадыров, Мемлекеттік әскери тарихы музейінің қызметкері: «Көрмеде С.Қожахметұлының жеке заттары, құжаттары, сондай-ақ еш жерде жарық көрмеген фотосуреттері көрсетілген. Енді жеке заттарына тоқталатын болсақ, бұл С.Қожахметұылының қыстық киім үлгісі, плащы т.б заттары. Оның ішінде ерекше атап көрсететіні — әскери пагоны»

Қазақстан Республикасының тарихында тек екі адам осы погонды алған дейді әскери музей қызметкері. Бүгінгі салтанатты шараға халық қаһарманымен бірге жұмыс істеген Серікбай Оңбаев та келді. Ол еліміздің әскери күшінің бүгінгі деңгейге жетуінде Сағадат Қожахметұлының еңбегі зор дейді

Серікбай Оңбаев, ҚР Қарулы күштері ардагерлері кеңесі Шымкент қалалық филиалының төрағасы: «Бұл көрменің басты мақсаты — қорғаныс минстрі болған, халық қаһарманы С.Қожахметұлының өмір жолдарын дәріптеу. 25 мамырда 100-ге толады. Көрме Қазақстанның облыс, қалаларын аралап, үлкен іс-шаралар өткізіп, халықпен таныстырып жатыр»

«Халық жүрегіндегі қаһарман» көшпелі көрмесі 15 күнге жалғасады. Шырайлы Шымқаладан кейін еліміздің өзге өңірлеріне барып, халық қаһарманының ерлігін насихаттайды.