Кітап сыйлау акциясы өтіп жатыр

38
фото ТӨКҚ

Түркістан қаласындағы «Оқушылар сарайында» Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Білім кілті – кітапта» атты акциясы өтуде. Акция аясында кез-келген оқырман өзі оқыған кітаптарын сыйға тарта алады. Шара – балаларды кітап оқуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған.

Мекеме басшсы Индира Икапованың сөзінше, бүгінде кітап сыйлау акциясы «Оқушылар сарайының» ұжымы үшін дәстүрге айналған. Сондай-ақ, мекемеде арнайы сөрелердің қоры да біршама кітаппен толыққан. Таңғы сағат 9:30-дан кешкі сағат 18:30-ға дейін жалғасатын науқанға үйірме оқушылары, мекеме қызметкерлері, ата-аналар мен қаладағы кітапхана қызметкерлері қатысып, бір-біріне әдеби-танымдық бағыттағы кітаптарды тарту етіп жатыр.