Қазақстан-Қытай шекарасы қайта ашылып, екі ел арасындағы сауда-саттық жандана түсті. Көрші ел шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл мерекесін атап өткенде шекараны бірнеше күнге жабады. Осы кезде «Қорғас» халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығының жұмысы да тоқтайды.
Өткен жылдың сәуір айынан бері Қорғас ынтымақтастық орталығына 1 миллионнан астам кәсіпкер мен турист кіріп, шыққан. Ал бір күнде қазір бұл жерге 4 мыңға жуық адам келеді. Кәсіпкерлер сауда-саттық жасаса, қарапайым тұрғындар керек-жарағын алады. Әрбір азамат айына бір рет 31 келі жүк өткізуге құқылы.