Шымкентте бір топ жігіт 3 студентті бопсалап, несие алдырған

328

Шымкентте 3 студентті ұрлап, ақша бопсалаған жайт анықталды. Полицияның мәліметіне сәйкес оларды алты жігіт көлігіне отырғызып, қаланың сыртына алып шыққан.

Олар физикалық күш қолданамыз деп қорқытып, онлайн несие алдырыпты. Осылайша 700 мың теңгесін тартып алған. Қазір қылмыстық топ құрықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

“Шымкентте жедел ақпаратты тексеру барысында жоғары оқу орындарының бірінен үш студентті ұрлау дерегі анықталды. 20 жастағы алты жігіт қылмыс өкілінің ықпалына түсіп, бірқатар бопсалау және басқа да қылмыстарды жасағаны анықталды”, — дейді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.