Түркістан облысында із түссіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды. 7 ақпан күні Түлкібас ауданында 1975 және 1989 жылғы екі адам мал іздеп шығып, ауа райының қолайсыздығынан адасып кеткен. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде азаматтардың бірі тірі табылса, екіншісінің тек мәйіті табылған.
Шыңғыс Сүлейменов, Түркістан облысы ТЖД баспасөз хатшысы: «Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті тұрғындардың 48 адам мен 4 техникадан тұратын күштері мен құралдары, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары ауа-райының нашарлауымен (тұман, қар, екпінді жел, боран) қиындады. Жедел іздестіру тобы Шыңбұлақ ауылынан 1989 жылы туған азаматтардың бірін тірідей тапты. Өкінішке қарай, 1975 жылы туылған азаматтың мәйіті табылды»
Төтенше жағдайлар департаменті қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райы нашарлаған жағдайда үйде болу керектігін ескертеді!