Түркиядан келген турист әмиянының жоғалғанын айтып, «SOS» батырмасы арқылы көмек сұраған

54
фото ТО ПД

Түркістан облысының полициясы Жедел басқару орталығындағы 102 арнасы, оның мобильдік қосымшасы мен «SOS» батырмалары арқылы келіп түскен қоңыраулар бойынша жедел әрекет етуде.Келіп түскен түрлі қоңыраулардан бөлек туристік аймақ саналатын Қ.Яссауи кесенесінің маңында қыдырып, саяхаттайтын туристер де жедел желінің көмегіне жүгінеді.

Мәселен таяуда Түркия елінен келген турист жігіт өзінің әмиянының жоғалғанын айтып, «SOS» батырмасы арқылы полицияға қоңырау түсірген. Жедел басқару орталығының полицейлері қоңырауды қабылдаған уақытта бірден экипажды жіберіп, деректі тіркеді. Сонымен қатар сөмкесін жоғалтып алған Кентау қаласының тұрғыны да 102 мобильдік қосымшасы арқылы хабарлама түсіріп, полицияны шақырды. Бірнеше сағат ішінде Түркістан полициясы жоғалған сөмкені тауып беріп, бойжеткеннің алғысын алды.