Тұрсынай Барлыбаева: «Қызды қырық үйден тыю» қажет

77

Азаматтардың, оның ішінде жастардың өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі, жағымсыз қасиеттерден арылу қажеттігі туралы Әл-Фараби аудандық Аналар алқасының төрайымы Барлыбаева  Тұрсынай ойымен бөлісті:

«Менің айтайын дегенім, әсіресе, біз ілгеріде мықты ел болу үшін жастарымызды жақсы тәрбиелеуіміз керек. Біз өзіміз үлкен жастағылар еңбек етіп, жастарымыздың тәрбисіне қарап осы біз елімізді, жұртымызды, қалпымыздың  іргесі бұзылмау үшін жастарымызға тапсыру керекпіз.

Мынау үлкен жастағы ата-әжелер жастармен бірге жұмыс жасаудамыз.
Жастарға үлкен өмірге қоғамға деген жолдаманы біздер айтып отыруымыз керек.
Менің айтайын дегенім үлкен ана, әже ,апа ретінде ,мынау жастарға тәрбиені алдымен үйде беруіміз керек. Отбасында үйдің іргесі жақсы қаланбаса, онда үй құлап қалады.
Сол сияқты ең бірінші еліміз, халқымыз мәңгілік Қазақстан болу үшін әрбір отбасы өз баласын тәрбиелеуі керек. Бізді де солай тәрбиеледі аталарымыз, әжелеріміз.
Бірінші кезекте қазақ халқы қыздарға ерекше көңіл бөлуі керек.

«Қызды қырық үйден тыю», «Қыз елдің көркі», «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген мақалдарды айтып құлағымызға құйған болатын.

Сол қағиданы біз үлкен жасқа келсекте сол мәңгі құлағымызда есімізде тұр.
Мен айта берсем әнгіме өте көп. Біз өмірден көп нәрсе көрдік, соғыстан кейін туылдық, көп қиыншылық көрдік.

Одан кейін тоқырау болды, одан кейін  ауыр жағдайлар болды,  мойымай өмір сүрдік.
Енді  білімді болсақ, ыңтымақ болса, тәртіпті болсақ, біз мәңгілік ел боламыз.
Әрине, менің айтарым жастардың арасында мақтайтындары да бар.

Мен қыздарға әжелері ретінде айтатыным — Қыз әрдайым қай жерде болсын біздің мақтанышымыз. Ең бірінші  қыз, кейін келін, содан кейін  ана.  Қыз үйден жақсы тәрбие алса,  ата-анасы  білім берсе,  онда ондай қыз бала болашақта барған жерінде әулетін ұятқа қалдырмайды. Әрбір отбасы мемлекеттің бір құрамы.

Қәзіргі таңда шаңырақтары шайқалып, кішкентай мәселеге бола ажырасып кететіндер бар. Ол дұрыс емес деп ойлаймын. Қыз жатжұрттық деген және де бізді солай тәрбиелегендіктен, қыздарыма айтып келемін: «Қыз деген жатжұртттық, қыз деген қонақ, ертең  өз үйіне барғанда, бір шаңырақтың келіні, анасы боласың деймін.
Негізі мен аналар төрайымы болғандықтан, қыздар жағына көбірек көңіл бөлемін. Барлық жерде айтып жүремін. Адамға ең бірінші керек тәрбие ол — білім,білім, білім…
Және де айта кететін болсам жер бетіндегі қаны таза ол -қазақ және де мен мұны мақтанып айта аламын».

 

Айдана Кемелбек, Қожа Ахмет Ясауи  атындағы Халықаралық

қазақ-түрік университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық

факультетінің 2- курс студенті