1 наурыздан бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО мен МХҚКО жаңа мекенжайда жұмыс істейтін болады

35

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» қала тұрғындарын келе жатқан мерекелерімен құттықтай отырып, енді кезекші ХҚКО мен МХҚКО жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейтінін хабарлайды.

Наурыз айынан бастап кезекші ХҚКО Әл-Фараби ауданы, Жангелдин көшесі, 13 «А» мекенжайы бойынша жұмыс істейтін болады. Ол жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері 09: 00 – ден 13:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Кезекші МХҚКО 196 квартал, 381/1 мекенжайы бойынша қабылдайды. Ол жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істесе, сенбі күні 09:00 – ден 13:00-ге дейін қабылдайды.

Қаланың қалған ХҚКО-лары әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтінін айта кетеміз.

Естеріңізге сала кетсек, Мемлекеттік қызметтерді «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы да онлайн алуға болады.