Баспаналы болуға тағы бір мүмкіндік

60
фото bes.media

Жеңілдетілген жаңа ипотекалық бағдарлама мамырда басталады. Оның мөлшерлемесі халықтың әлеуметтік санатына байланысты әртүрлі. Әлеуметтік осал топ, яғни, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 7 пайыз.

Өзге санаттағы азаматтарға 9 процент. Ипотеканы моноқалаларда да рәсімдеп, үй алуға болады. Бағдарламаға 300 миллиард теңге бөлінбек. Қазір толық шарты әлі жасалып жатыр.

Несие көлемі Астана мен Алматыда 30, өзге қалаларда 18 миллион теңгеге дейін болмақ. Мұндай ипотекалық бағдарламаны іске қосуды президент Ұлттық құрылтайда тапсырған еді.