«Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырыла бастады

33
фото Ашық дереккөз

Елде азаматтарға қаржылық білім беру мақсатында «Қарызсыз қоғам» жобасы іске асырыла бастады. Жоба ұйымдастырушыларының мәліметінше, қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған курстар бес күнге созылады әрі тегін оқытылады.

Мамандардан құралған топ тек қалаларда ғана емес, сегіз аймаққа шығып, соның ішінде ауылдық жерлерде оқу семинарларын өткізді. Онда азаматтар кірістер мен шығыстарды жоспарлау, несиелерді өтеу мен тәуекелдерді басқару, сондай-ақ жинақ ақшаларын қаржы құралдарына сауатты салу бойынша білім алуға мүмкіндік алады.

Мұнда тек кеңес алып қана қоймай, барлық ниет білдірушілер өз ісін ашу үшін  бизнес-жоспарын түзуге де үйренеді.