«Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары пара алды деген күдікке ілінді

847

Түркістан облысындағы «Қазығұрт» кеден бекетінің лауазымды тұлғалары жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді.

Тергеу жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаментіндегілер жүргізуде.

Ведомство мәліметінше, олар жүк көліктерін кеден бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан 50-ден 200 мың теңгеге дейін пара алу деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

(Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департаменті)