Шымкентте жүкті әйел жолда босанып қалды. Перзентханаға келе жатқан жолда толғақ қысқан әйел ауруханаға жетпестен, көлікте сәбиін дүниеге әкелген.
Әке атанған ер адам тәртіп сақшыларынан көмек сұраған. Мегаполис полицейлері жедел әрекет етіп, көлікті сүйемелдеп жүру арқылы медициналық мекемеге жеткізді. Жаңа туған сәби отбасының екінші қызы. Бүгінде ана мен баланың жағдайы бірқалыпты.