Ағымдағы жылдың 22 сәуірінен бастап заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтеді.
Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін олардың техникалық жағдайына байланысты комиссияның шешіміне сәйкес қарудың әрбір бірлігі үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейінгі сомада төлем көзделген.
Полиция департаменті аймақ тұрғындарын акцияға белсенді қатысуға шақырады.
Сұрақтарыңызға жауапты 102, 8707-839-01-02 телефондары арқылы алуға болады.