Қала көшелерінің бірінде қызмет атқарып тұрған патрульдік полицейлерден ер адам көмек сұрады. Ол көлікте әйелін толғақ қысып, босанғалы жатқанын айтты.
Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, көлікті сүйемелдеп алып жүру арқылы перзентханаға жеткізді.
Өз кезегінде ер азамат біреудің басына түскен іске бей-жәй қарамай, адамгершілік танытқан офицерлерге ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
Полиция қызметкерлері азаматтарға кез-келген жағдайда қолдан келсе көмектен аянып қалмайтынын жеткізді.