Республикалық сенбілікте демалыс аймақтары абаттандырылды

41

Екі апта бұрын жаряланған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы демалыс күндері де жалғасты. Бұл жолы түрлі мекеме қызметкерлері мен қала тұрғындары мегаполистің бет-бейнесі саналатын демалыс аймақтарын тазалады. Бәйдібек би монументі аумағы мен дендросаябақта абаттандары, қоқыстан тазалау, әрлеу жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан» акциясының екінші аптасы өз мәресіне жетті. «Киелі мекен» аптасының соңғы күндерінде шымкенттіктер «Бәйдібек би» ескерткішінің аумағын тазалады. 200-ден астам адам монумент аумағында санитарлық тазалау жүргізіп, ағаштарды әктеп, орындықтарды сырлады. Сенбілікке Абай ауданының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен аудан тұрғындары қатысты.

Мейіржан Ажидин, Абай ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы: «200-ден астам адам, оның ішінде ауданның зиялы қауымы, тұрғындар, кәсіпкерлік нысандардың қызметкерлері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері жұмылдырылған. Сонымен қатар, 17 техника бар».

Ал 200-ге жуық қалалық прокуратура қызметкері дендросаябақты тазартуға атсалысты. Қадағалаушы орган өкілдері саябақты тазалап, шөптерді орып, жинады. Прокуратура өкілдері жас ұрпаққа үлгі болар мұндай іс-шараларға бүкіл ел болып атсалысу қажет екенін айтады.

Бақытжан Байғазиев, Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма бастығы:
«Қала прокуратурасының жеке құрамының барлығы шықты. Қазіргі таңда біз дендросаябақта орылған шөптерді тазалап, ластанған жерде қоқыстан тазартып, өзімізден кейінгі буынға, басқа да қызметкерлерге үлгі болсын деп осындай іс-шараларды атқарып жатырмыз».

«Киелі мекен» аптасы аяқталғанымен, Шымкент қаласындағы тазалау жұмыстары жалғасады. Акцияның үшінші аптасы «Жасыл аймақ» деп аталады. Апталық аясында көшет отырғызу жұмыстары жүреді.