Шымкентке шақырылған жас сарбаздар әскери өмірге үйренуде

34

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасында Алматы қаласынан, Ақтөбе, Жамбыл, Маңғыстау және Жетісу облыстарынан көктемгі шақыру шеңберінде келген жас толыммен жалпы әскери дайындық негіздері бойынша сабақтар басталды.

Қазір әскери бөлімнің жеке құрамының тізімдерін толықтырған 180-ге жуық сарбаз саптық, дене шынықтыру, атыс, әскери-медициналық даярлық негіздерін, жалпы әскери жарғыларды және әскери қызмет қауіпсіздігін зерделеуге кірісті. Барлық сабақтар казармада, оқу ғимаратында және тактикалық алаңда өткізілуде.
Осы кезеңде әскери қызметшілерге әскери қызметтің негізі мен мақсатын меңгеру, әскери қызметшілердің күн тәртібі мен жалпы міндеттерін, қару-жарақ пен әскери техниканың жауынгерлік қасиеттері мен жалпы құрылымын, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығы бойынша әдістер мен жаттығуларды зерделеу қажет.
Жамбыл облысынан шақырылған қатардағы жауынгер Мирас Жолдасбаевтың айтуынша, әскердегі алғашқы аптада ол тәртіп пен тазалықты қатаң қадағалайтынын түсінген.

— Менің әскерге шақырылғаныма бір апта ғана өтсе де, біз басқа өңірлердің балаларымен танысып, тіл табысып үлгердік. Мен «тәртіп» пен «тазалық» сөздерінің мағынасын жаңа жағынан түсіндім. Күн сайын жаңа нәрселерді үйреніп, өзіме кішігірім жаңалық ашамын. Жалпы, әскери өмірім қызықты өтуде, — деп толықтырды қатардағы жауынгер Мирас Жолдасбаев.

Болашақта олармен оқу полигонында атыс дайындығы және радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау құралдарын пайдалану тәртібі бойынша практикалық сабақтар өткізілетін болады.