Шымкентте жылумен жабдықтау желілерінде апат болды

32
фото kz.otyrar.kz

Қала көшелерінің бірінде орналасқан құдықшадан жүріп келе жатқан көліктің алдынан су атқылағаны бейнежазбаға түсіп қалған. Оқиға Қазыбек би-Ғ. Ильяев көшелерінің қиылысында болған. Жоспарлы сығымдау жұмыстары жүріп жатқан кезде құбырлардың бірінде ақау пайда болған. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Еркебұлан Битеміров, «Қуатжылуорталық-3» МКК бөлім басшысы: «Бізде жоспарлы түрде сығымдау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгін 24 сәуір магистральды сығымдау кезінде қысымды 9,5 кг көтергенде Иляев- Қазыбек би көшелерінің қиылысында құдықша бар, осы жерде диаметрі 630-дық құбырда ақау болды. Қазіргі таңда тоқтатылды. Еқандай зардап шеккен жағдай болмады. Машинаға да адамға да зиян келген жоқ».

Сәуірдің алғашқы онкүндігінде басталған сығымдау жұмыстары айдың аяғына дейін жалғасады. Мамандар мұндай ақаулардың қайталануы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.