Түркістан облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұл қызметінен босатылды. Мұндай шешімге Әдеп жөніндегі кеңес келген. Бұған дейін әлеуметтік желіде басқарма басшысының көшеде біреумен ерегісіп, төбелескен видеосы тарап, қызу талқыға түскен еді.
«Көпшіліктің назарына ілінген оқиғаның қатысушысы — Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалықұлға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің 6-тармағының 4), 5) тармақшаларының және 10-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін “атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату” түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды».
Түркістан облыстық мемлекеттік қызмет істері департаменті
Шешім 5 желтоқсан күні шыққан. Оқиғаға қатысты қызметтік тексеру жүргізілген.
Дилара Иса






