Шымкентте заңсыз майнерлердің қылмысы әшкере болды

116

(Фото: Видеодан кадр)

Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкенттегі заңсыз майнерлердің қылмыстық әрекетін әшкереледі.

Ведомство мәліметінше, бір топ адам 2023 жылдың сәуірі мен 2024 жылдың ақпаны аралығында жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, криптовалюта өндіру бойынша астыртын майнинг фермасын ұйымдастырған.

Тергеу барысында 1000-нан астам ASIC-терден (биткоин өндіру жабдығы) тұратын криптовалюта өндіруге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар тәркіленген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.