Шымкентттік дәрігерлер украиналық әйелді босандырып алды

179

(Фото: Видеодан кадр)

Шымкент қалалық перинаталдық орталық дәрігерлері украиналық келіншекті босандырып алды. Ал нәрестеге күрделі операция жасалынды. Барлық медициналық шаралар міндетті әлеуметтік сақтандыру аясында тегін көрсетілген.

Диана Щебетун толғағы қысып, жедел жәрдем қызметімен перинаталдық орталыққа жеткізілген. Сәби мерзімінен бұрын 33 аптасында дүниеге келді.

«Толық медициналық тексеруден өткізген жергілікті дәрігерлер нәрестеге «өңештің артрезиясы» диагнозын қойып, күрделі ота жасады. Өңештегі туа біткен ахауды хирургиялық жолмен емдеу операциясы сәтті өтті. 1700 грамм салмақпен туылған ұл бала бүгінде салмақ жинап, 2 келіден асты. Денсаулығы жақсарған анасы мен баласын перинаталдық орталық дәрігерлері бүгін үйіне шығарды»,-делінген қалалық әкімдік мәліметінде.

Айта кетейік, украиналық Диана Щебетун өзі де дәрігер. Ал жолдасы «Қызылжар» футбол клубының ойыншысы. Жүкті әйел жолдасымен бірге  Шымкентке жұмыс бабымен келген екен.

Шетел азаматшасы баласын босандырып, күрделі операцияны сәтті жасап шыққан  дәрігерлерге алғысын айтты.