Су таратушы мекеме ауыл тұрғындарынан 8 млн. теңгені артық алған

33
фото Отырар.кз

Сарыағаш ауданында кәсіпкерлер сарқынды су үшін 38 млн. теңге қаражатты артық төлеген.

Мамандардың сөзінше коммуналдық қызмет көрсететін компания тариф құнын өз бетінше көтеріп жіберіпті. Бұл құқықбұзушылық 2 жылға жуық уақытқа жалғасып келген. Сонымен қатар. жергілікті мекеме 14 елді мекенде де тариф бағасын шектен асырып, тұрғындарға 8 млннан аса шығын келтірген екен. Сондықтан қадағалаушы орган оларға 5 млн. теңгеге жуық айыппұл салды.

«Тариф мөлшерін өз бетінше асыра белгілеу салдарынан 2022-2023 жылдары 14 елді мекеннің 24 025 абоненті жалпы 8 708 289 теңге қаражатты негізсіз артық төлеген. Осылайша кәсіпорын 24 076 тұтынушының құқықтарын бұзған. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4,7 млн. теңге айыппұл салынды, 2 лауазымды адам тәртіптік жауаптылыққа тартылды.Тұтынушыларға келтірілген залал уақытша өтемдік тарифін енгізу арқылы өтелетін болады», — дейді Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары Асылбек Түршеков.