Заңсыз биткоин өндірген топ анықталды

27

Шымкентте заңсыз криптовалюта өндірумен айналысқан топ құрықталды.

Олар 1 жылға жуық уақыт ішінде 100 млн. теңгеден астам қаражат тапқан. Күдікті азаматтар қаладағы қоймалардың бірінде 1000-нан аса биткоин шығаратын құрылғыларды орналастырып, майнинг фермасын құрған. Астыртын кәсіппен айналысқандар құрықталып, қазір тергеу жұмысы жүріп жатыр.

«Бір топ адам 2023 жылғы сәуір мен 2024 жылғы ақпан аралығында жалпы сомасы 100 млн. теңгеден астам аса ірі мөлшерде кіріс ала отырып, криптовалюта өндіру бойынша астыртын майнинг фермасын ұйымдастырған.Тергеу барысында 1000-нан астам ASIC-терден (биткоин өндіру жабдығы) тұратын криптовалюта өндіруге арналған майнинг фермасы, ноутбуктер, бейнетіркегіштер, флэш-тасымалдағыштар, ұялы телефондар және құжаттамалар табылып тәркіленді», — дейді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.