Биткоин 39 мың долларға дейін арзандады

136

Былтыр қыркүйектен бері биткоин алғаш рет 39 мың долларға дейін арзандады. Криптовалюта құны бір тәулікте 4 пайызға  құлдыраған. Нарықтағы ойыншылардың айтуына қарай бағаның төмендеуіне еліміздегі жағдай әсер еткен.

Айта кетейік, Қазақстан – әлемдегі екінші ең ірі майнингтік орталық. Қаржы сарапшыларының есептеуінше, криптовалюта өндіруге қажетті барлық қуаттың 18 пайыздан астамы елімізге тиесілі. Бұған дейін қаңтарда биткоин 69 мың доллардан саудаланған еді.

Шынар Оразова