Шымкентте 13 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті.
Ол Қазыбек би көшесі бойында жолды рұқсат етілмеген тұсынан кесіп өтпек болған көрінеді. Жүргізушінің сөзінше мектеп оқушысы жолға бірден жүгіріп шыққан. Мидың жабық жарақатын алған жәбірленуші балалар ауруханасына жеткізілген.
«13 жастағы бала жол апаты салдарынан қалалық клиникалық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілген. Балада арқа және жабық ми жарақаты. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, науқасты травматология бөлімшесіне жатқызды. Пациент дәрігерлердің бақылауында, жағдайы орташа», — дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нақыпқызы.
Полицейлер қазір бұл іс тіркеліп, сараптама тағайындалғанын айтады. Егер ауыр жарақат алғаны белгілі болса, арнайы бап бойынша іс қаралатынын жеткізді.
«Аталған жайт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижесімен процессуалды шешім қабылданатынын хабарлаймыз», — дейді Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі.