Шымкентте жыл басынан бері 133 өрт фактісі тілкелген. Оның 6 жағдайында қызыл жалын балалардың абайсыз әрекетінен туындаған. Сондықтан мамандар тұрғындарға үндеу жолдады.
Төтеншеліктер жаз мезгілінде балалар үшін суға шомылу маусымы қауіпті дейді. Сөздерінше жыл сайын түсіндіру жұмысы жүргенмен, оған құлақ түргендер аз. Сәйкесінше зардап шегуі фактісі де көбейіп барады. Атап айтқанда, 1 маусымнан бері 3 бала бассейнге құлап қаза тапқан. Сондықтан департамент бастығының міндетін атқарушы Еркін Отарғалымұлы тұрғындарға үндеу жолдады.
«Каркасты бассейндерде жазатайым 3 жағдай тіркелді. Жазатайым оқиғаға көбіне 3-4 жастағы балалар тәуелді. Аталған бүлдіршіндер өз бетімен бассейнге түсіп, көз жұмған. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Себебі әр отбасыға, әр үйге бір-бір құтқарушыны қойып немесе әр қайсысымен жеке-жеке түсіндіру жүргізу өте қиын», — дейді Шымкент қаласы ТЖД бастығының м.а. Еркін Отарғалымұлы.
Шымкентте сонымен қатар жыл басынан бері 133 рет өрт шыққан. Оның 6 жағдайында қызыл жалынның шарпуына балалардың абайсыз әрекеті себеп болған. Мамандар бұл көрсеткіш өткен жылдың алғашқы 6 айымен салыстырғанда 3 есеге көп екенін айтады.
«2023 жылдың 6 айымен салыстыратын болса, былтыр балалардың отпен абайсыз болуына байланысты 2 жағдай тіркелді. Биыл бұл көрсеткіш 6 жағдайды көрсетіп отыр. Бұл бізді алаңдатады. Сонымен қатар, департамент балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жіті бақылауға алынған», — дейді Шымкент қаласы ТЖД бастығының м.а. Еркін Отарғалымұлы.
Мамандардың сөзінше жаз кезінде қалада 258 мектеп жанындағы лагерь мен 2 сауықтыру орталығы жұмыс істейді. Онда оқушылар жазғы демалысын өткізіп жатыр. Қазір төтеншеліктер қауіпсіздік шараларын түсірдіру үшін балалар шоғырланған аумақтарда арнайы сабақ өткізуді қолға алған.