Шымкентте ер адам 16-шы қабаттан құлап, қайтыс болды. Оқиға «БИИК» тұрғын үй кешенінде орын алған.
Маңайдағы куәгерлер марқұмның бұл тұрғын үйде тұрмайтынын, пәтерді бірер күн бұрын жалға алғанын айтты.
— Полициялар келді ғой, бәрі осы жерде болды. Солар айтты.
— Не деп айтты?
— Барып ана жатқан квартирасын көріпті.
-Тағы не деді ол кісілер?
— Осы жерге 2-3 күн болып қалды-ау келгеніне ол баланың. Алдын көрменмін. Неше күнге алғанын білмеймін. 16-шы этаждан түсті ғой.
Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Марқұмның өзіне қол салғаны немесе 16—қабаттан абайсызда құлағанын полция анықтайды. Ал оқиғаға қатысты қылмыстық іс «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабы бойынша тіркелген.
Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі :
«Аталған жайт бойыншаТұран ауданының полиция басқармасымен ҚР ҚК-нің 105 бабы, яғни «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша тіркелді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде»