Заңсыз лотерея ойнатқаны үшін сотталды

12
фото ҚР ҚМА

Әлеуметтік желі арқылы құмар ойын ұйымдастырған тұрғын сотталды.

Ол 2023 жылы заңсыз лотерея ойнатқаны белгілі болды. Лицензиясыз іс бастаған күдікті 2 аккаунт арқылы билет сатып, 96 млн. теңге табыс тапқан. Бұл қаржыны сотталушы туыстарының есеп шоты мен өз картасына аудартып отырған. Оның кінәсі сотта дәлелін тауып, 1 жылға бас бостандығынан шектелді. Ал тәркіленген заттар мемлекет меншіліге алынды.

«Лотерея ұтысы ретінде «Toyota Land Cruiser Prado» маркалы автокөлігі, Samsung, IPhone, Redmi смартфондары, зергерлік бұйымдар және тұрмыстық техника қойылды.Аталған заттар тәркіленіп, заттай дәлелдемелер деп танылды.
Сонымен қатар, ол лотерея билеттерін сату бойынша белсенді жарнаманы жүзеге асырған (1 данасын – 5000 теңгеге, 3 дана – 10000 теңге, 6 дана – 20000 теңге, 12 дана – 40000 теңге, 30 дана – 100000 теңге). 2023 жылғы 10 қыркүйектен 29 қарашаға дейін сатылған билеттерден түскен қаражаттың жалпы сомасы 96 млн теңгеден асты. Сот үкімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», — дейді ҚР ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.