Мемлекеттік конкурста кәсіпкерлердің құқығын бұзу жағдайы анықталды

37
фото: Отырар.кз

Шымкентте жыл басынан бері 54 аудиторлық тексеріс жүргізілген. Сонымен қатар 38 млрд теңге бюджет қаражаты бақылауға алынды. Нәтижесінде бірнеше олқылық анықталып, мамандарға қатысты тәртіптік шара көрілген.

Жыл басынан бері 38 млрд. теңге қаржыға 54 аудиторлық тексеріс жүргізілді. Оның 32 млрд-ынан түрлі заң бұзушылық анықталған. Атап айтқанда:

«Қаржылық бұзушылықтар 20 млрд. теңге;
Рәсімдік бұзушылықтар 11,6 млрд. теңге;
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу сомасы 5,2 млрд. теңге»

Нәтижесінде 17 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал 2024 жылдың алғашқы 6 айында 17 мыңға тарта лот ашылған. Онда 455,5 млрд. теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімі жүзеге асқан. Мамандар оларды бақылау кезінде, олқылық анықталып, түзеу жұмысы жүргенін айтады.

«Камералдық бақылаумен 15 563 лоты бойынша жалпы сомасы 437,7 млрд. теңгеге қамтылып, нәтижесінде 72,9 млрд. теңгеге бұзушылықтар анықталған. Конкурсты өткізген кезде ұйымдастырушы мердігердің құқығын негізсіз шектетеді немесе артық талаптар қояды. Сондай фактілер анықталған», — дейді Шымкент қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Нұржан Сүлейменов.

Бұл деректер бойынша 42 әкімшілік іс қозғалған. Соның нәтижесінде 4,7 млн. теңге мөлшерінде айыппұл салынып, бюджетке өндірілді.