Úı ANONS Жекеменшік мектептерге қаржы аударыла бастады

Жекеменшік мектептерге қаржы аударыла бастады

Жекеменшік мектептің ұстаздары айлық алатын болды. Еліміздегі бірқатар жеке меншік білім ұяларына қаржы аударыла бастады. Мәселен, Шымкент қаласы бойынша 15 -тен астам нысанға тиісті қаражат аударылған. Бұл ҚР  Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынған қаржыландыру  жоба аясында іске асып отыр.

Мамандардың айтуынша, жеке меншік мектептер атқарылған жұмыстар туралы актіні білім басқармасына ұсынады. Бүгінге дейін 133 мектептен өтінім келіп түскен. Олардың 25 білім ұясы тиісті құжаттарды тапсырып, қаражатқа қол жеткізген.

БЕКЖАН ТАЙҒАШОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ М.У.А: «Жеке меншік мектептердің алдындағы берешек деп айтуға болады. Ол берешек білім басқармасы тарапынан орын алып жатқан берешек емес. Бізде басқармада бар қаражат. Бұл жерде тек осы пилоттық жоба аяссында қаржыландырады деген соң, осы платформа арқылы жұмыс жасап жатырмыз. Қазіргі таңда 133 мектеппен келісімшарт түзілді. Оның 25 мектебінен 58 акт келіп түсті орындағаны туралы. Сол бойынша 1 млрд. 300 млн. теңге қаржы орталығына жолданды. Енді олар бүгінгі таңда қаржыландыру жұмыстары жүргізілді».

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде айлықсыз қалған мұғалімдердің жанайқасы жазылған болатын. Қала берді, жауапты мекемелерге барып, шағым айтқандарда жетерлік. Енді бұл мәселе шешімін тапты дейді білім басқармасының мамандары. Тек орындаған жұмысты нақтылап, акт тапсыруы тиіс.

Нұргүл Жолымбетова