Úı ANONS Білім саласына бөлінген қаржы 308 млрд. теңгеден асқан

Білім саласына бөлінген қаржы 308 млрд. теңгеден асқан

Биыл білім саласына бөлінген қаржы 308 млрд. теңгеден асқан. Мұның ішінде ұстаздардың жалақысы, балаларға берілетін ыстық тамақ пен жазғы лагері бар. Бұдан бөлек, қаражаттың бір бөлігі білім ұяларының материалдық техникалық базасын нығайтуға жұмсалған. Сонымен қатар, оқушыларға оқулық сатып алынған.

Ал «Цифрлық әмиян» жүйесі арқылы 631 млн. теңгеден аса қаржы үнемделіп, балабақшаларға қабылдау жүйесі толығымен цифрландырылған. Білім беру саласындағы өзгерістер мен жетістіктер туралы толығырақ алдағы сюжетте айтамыз.

Қаладағы 646 мектепке дейінгі ұйымда білім алатын  76 620 бала ваучерлік қаржыландыру жүйесімен қамтылған. Бұл жүйенің басты ерекшелігі мемлекеттік қаржыландырудың «ақша балабақшаға емес, баланың соңынан жүруі» қағидатына негізделген.

Жоба «INDIGO24.KZ» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Балаларды қабылдау және жолдама беру жұмысы толық автоматтандырылған. Бұл жүйе арқылы «өлі жандар» мәселесінің алдын алуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде былтырдан бері 2 153 ваучердің күші жойылған деді басқарма басшысы. Бұдан бөлек, әлеуметтік әмиян жобасы іске қосылып, балалардың ыстық тамақпен қамтамасыз ету ашық түрде жүргізілді.

ҚУАНЫШ ИСҚАҚОВ. ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Қаладағы 151 мемлекеттік мектепте Е асхана, алақан жүйелеріне толық іске қосылды. Нәтижесінде, 631 млн. теңге қаржы үнемделді. Нақтырақ айтар болсақ, бала өзінің алақаны арқылы растайды келгенін. Е асхана карталық жүйемен. Келген, кеткенін растайды».

Қазіргі таңда қала бойынша ерекше білім беру қажеттілігі бар 15 мыңнан астам бала тіркелген. Бұл балаларға арналған 25 арнайы ұйым жұмыс істейді. Сонымен қатар, 6 жалпы білім беретін мектепте инклюзияны қолдау кабинеттері ашылып, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Аталған кабинеттерде арнайы мамандардың қатысуымен балалардың жеке қажеттіліктеріне бейімделген білім беру ұйымдастырылған.

Айта кетейік, балаларды қабылдау және қорытынды беру үдерістері «Malahit» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады деді  басқарма басшысы. Сонымен қатар, оның айтуынша, қорғаншылық және қамқорлық орталығы жұмысын бастап, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетіп жатыр.

ҚУАНЫШ ИСҚАҚОВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: «Қала бойынша 831 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 674 балаға ай сайын 10 АЕК көлемінде жәрдемақы тағайындалды. 2025 жылы 53 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрғын үймен қамтылды. Өткен оқу жылында 11 сыныпты бітірген 42 түлек ЖОО грантын, 26 түлек колледж грантын, ал 9 сыныптан кейін 28 түлек колледж грантын иеленді7  2025 жылдан бастап 90 штат бірлігі бар «Қорғаншылық және қамқоршылық орталығы» жұмысын бастады».

Айта кету керек, білім беру жүйесінің негізгі тірегі кәсіби әрі  білікті педагог дейді жауаптылар. Сондықтан, әрбір ұстаздың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы курстарға жіберіледі. Мәселен, республикалық бюджет есебінен 5 033 педагог, ал жергілікті бюджет есебінен 3 080 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Сонымен қатар, заман талабына сай барлық педагогтер жасанды интеллект бағытында біліктілігін арттырып, заманауи білім беру үдерісіне бейімделуде  ескере кетер жайыт, шымкент қаласы ббойынша ағымдағы оқу жылында жоғары біліктілік деңгейіне ие педагогтердің үлесі 60 пайызды құраған.

Нұргүл Жолымбетова