Úı ANONS «200 млн. теңге қаржы жұмсалды»: Шымкентте жеделсатылар жаңартылуда

«200 млн. теңге қаржы жұмсалды»: Шымкентте жеделсатылар жаңартылуда

Шымкентте тұрғын үйлердегі жеделсатыларды жаңарту жұмыстары басталды. Қаладағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлерде лифтілер жиі істен шығып, тұрақты жұмыс істемей, тұрғындарға қолайсыздық тудырған. Мамандар бұған уақытылы техникалық күтімнің болмауы және пайдалану тәртібінің бұзылуы себеп болып отыр дейді. Енді мәселені тиісті өкілдер мемлекеттік бағдарлама арқылы кезең-кезеңімен шешпек.

Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлерде лифтілерді жаңарту жұмыстары мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жүргізіліп жатыр. 2023–2029 жылдарға жоспарланған тұрғын үй коммуналдық саланы дамыту тұжырымдамасын жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыруда. Ал үйлерді жаңғырту, күрделі жөндеу жүргізу және лифтілерді ауыстыру ісіне «Тұрғын үй Шымкент» квазимемлекеттік ұйымы жауапты.

ОЛЖАС БАЗАРБЕКОВ, «ТҰРҒЫН ҮЙ» КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Бағдарламаға қатысу үшін көпқабатты үйлердің тұрғындары алдымен үйді басқару органы арқылы өтініш беруі керек. Сол орган тұрғындардың жалпы жиналысын ұйымдастырып, қажетті құжаттарды Шымкент қаласы әкімдігінің уәкілетті органына жібереді».

Жөндеу жұмыстары алдымен мемлекет қаражатына жүргізіледі. Тұрғын үй иелері кейіннен бұл соманы кезең-кезеңімен, еш пайызсыз қайтаратын болады. Ай сайынғы төлем коммуналдық шығындардан бөлек, тұрғын үй иелерінің бірлестігі немесе жергілікті компания есеп-шоты арқылы жүзеге асады.

ОЛЖАС БАЗАРБЕКОВ, «ТҰРҒЫН ҮЙ» КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ақшаны бөліп төлеу арқылы 7-15 жыл аралығында қайтарады».

Қазіргі лифттер сенімді әрі қауіпсіз етіп жасалған. Төтенше жағдайда қорғаныс жүйелері бар, қозғалысы жұмсақ, электр энергиясын үнемдейді. Лифттің жұмысын бақылап, тексеруге болады, әрі барлық техникалық талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді.

ЖАҚСЫБАЙ ЕШЕМҰРАТОВ, ЛИФТ ОРНАТАТЫН КОМПАНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бұларда қазіргі заман талабына сай айырды деген функциясы бар. Жарық өшкен жағдайда ішінде адам қалса 40-50 сек ішінде жоғары не төменге түсіп іштегі адамдарды шығарады. Апатты қызмет адамдары келемін дегенше».

Биыл қала бюджетінен лифтілерді жаңартуға 200 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Бұл бағдарлама тұрғын үйлердегі лифттердің қауіпсіздігін арттыруға, азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға және апаттық немесе төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Ботакөз Әнуар