Әйеліне пышақ сұққан зейнеткер сотталды

36
Фото: Отырар.кз

Жасы 60-тан асқан ақсақал әйеліне пышақ сұғып, 3 жылға сотталды.

Ішкілікке салынған тұрғын жанжал кезінде үстелде тұрғын ас үй пышағын жұбайының ішіне тығып алған көрінеді. Қан жоғалту салдарынан сыртқа барып құлаған жәбірленушіге көршілері көмекке келіпті. Бұл жайт жаздың басында орын алған. Сот барысында күдіктінің айыбы дәлелденіп, бас бостандығынан айрылды.

«Екеуі жұмыс істемейді. Сотталушы 64 жаста, зейнеткер. Кінәсін толық мойындаған соң сот оған ең төменгі жаза қолданды. Өзі Оңтүстік Қазақстан облысында туғанымен, 10 жылдан бері Ресей елінің азаматы. Қосымша жаза ретінде алкогольден мәжбүрлі емдеу тағайындалды. Түрмеде дәрігерлер бар. Сонда жатып емделеді. Емделу мерзімі 6 ай», — дейді Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сәбит Төреханов.

Жәбірленушіге операция жасалып, қазір жағдайы жақсарған. Кейін әйелі айыпталушыға өз кешірімін бергенмен, жазадан жалтара алмады. Үкім әлі күшіне енген жоқ.