Алдағы күндері Түркістан облысы аумағында ауа-райы тұрақсыз болады

33
Ауа райы
фото Отырар.кз

Алдағы күндері ауа райы күрт өзгереді. «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалы  мамандарының болжамына сүйенсек,  алдағы күндері  6,7,8-ші қыркүйекте Түркістан облысы аумағында ауа райы тұрақсыз. Аймақтың солтүстігі мен оңтүстігінде  жаңбыр, таулы  аудандарда найзағай күтіледі.

Динара Айтмырзаева, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша  филиалының  инженер-синоптигі: «Облыстың  солтүстігі мен батысында шаңды дауыл тұрады. Өңірдің  солтүстік шығысынан тұрған желдің екпіні кейбір жерлерде  20 м/сек жетеді.  Ауа температурасы  таулы аудандарда +10  +15 градус аралығында,  түнде сынап бағанасы +2 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.  Күндіз ауа температурасы  шамамен +22 +27 градус аралығында, таулы аудандарда  +18 градусқа дейін төмендеуі ықтимал».