Ауыр дене жарақатын салғаны үшін сотталды

34
фото egemen.kz

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Н.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Н. ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) айыпталған.

Н. алкогольдік ішімдік ішіп, өзінің азаматтық некедегі жұбайы Н.-мен жанжалдасу кезінде, оған пышақпен жарақат салып, оның денсаулығына ауыр зиян келтірген.
Сотталушының кінәсі дәлелденеді. Сотталушының кінәсі өзінің, жәбірленушінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сараптамалардың қорытындыларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
 
Прокурор сотталушы Н.-ға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленуші сотталушыға кешірім беріп, оған бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін және зейнеткерлік жасын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот Н.-ға ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, Н.-ға маскүнемдіктен мәжбүрлеп ем қабылдау жазасын тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.