Мас халде көлік басқарған ер адам 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды

34
фото ТО ПД

Сауран ауданының полицейлері күнделікті қызмет атқару барысында күндізгі уақытта аудан көшелерінің бірінен жүрісі күдікті әрі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «Daewoo Matiz» маркалы автокөлік жүргізушісін байқады. Содан полицейлер көліктің артынан жүріп, оны тоқтатқан.

Тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішіп алғаны байқалды. Қорытындыға сәйкес 58 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде көлік жүргізгені расталды.
Қазіргі таңда масаң күйде көлік жүргізген ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.