Қазалы үйде қазан асылмауы тиіс…

36
фото ТАӘБҚ

Бүгін сансыз бабтар елі — Сайрам ауданында «Ас беру мәдениеті» тақырыбында облыстық Ақсақалдар алқасы мен ҚМДБ, Түркістан облысы бойынша өкілдігінің көтерген мәселесін талқылау мақсатында арнайы семинар өтті.

Аталған іс-шара облыс көлемінде ақсақалдар алқасымен зиялы қауым өкілдерінің қолдауына ие болып, жан-жақты талқылануда. Соның бірі ретінде Сайрам ауданының ақсақалдар алқасы, имам-молдалары, ауыл билері мен зиялы қауым өкілдері қатысқан келелі жиын өтті.
Жиынға Түркістан облысы өкілдігі «Түркістан-Ахмет Яссауи» орталық мешітінің бірінші наиб имамы Өсімхан Тлеуов, Сайрам аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мурат Мұрат Есалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтжан Ілес және Сайрам ауданының бас имамы Арыстан Оспанов қатысып, көтеріліп отырған дүниенің маңыздылығына тоқталды. Қазалы үйде қазан асылмауы және ысырапшылыққа ұрынбай, бекітілген ас мәзірін қолдауға шақырды.
Сонымен қатар, аталған жиында қатысушылар түрлі пікірлер білдіріп, ойларын ортаға салды. Және де қозғалған мәселеге қоғам болып атсалысып, бірлесе жұмыс жүргізуге келісті.