Қаржы мониторингі агенттігі жайлы мектептердің құрылысына бақылау жүргізуде.
Президент бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етуді тапсырған. Сондықтан, қазынадағы әрбір тиын дұрыс бағытқа бағытталуы тиіс.
Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері «Жайлы мектептер» жобасының іске асырылуын бақылайды. Ұлттық жобаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында Қаржы мониторингі агенттігі мектеп салумен айналысатын «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-мен кеңес өткізді. Агенттік Төрағасы Дмитрий Малахов ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында Орта білім беру сапасын арттыруға және өскелең ұрпақты оқыту мен жан-жақты дамыту үшін лайықты жағдайлар жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті.
Дмитрий Малахов, ҚР қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы: «Ел Президенті Қазақстан халқына Жолдауында ұлт әлеуетін арттыруда орта білім беру сапасы шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Әрбір оқушының оқу және даму үшін лайықты жағдай жасалуы тиіс және ол мемлекетке жүктелген. Бұл міндетті орындау үшін ауқымды ұлттық «Жайлы мектеп» жобасы іске асырылуда. Бұл бағытта 2,3 триллион теңге бөлінді. Ел басшылығы осы жобаны іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына мониторингті қамтамасыз етуді тапсырды».
Жалпы, елімізде «Жайлы мектеп» жобасы аясында заманауи талаптарға жауап беретін 369 мектеп салу жоспарлануда. Агенттік мектептерді салу кезінде қажетсіз шығындардың бірнеше фактілерінің алдын алды.
Мәулен Айманбетов, «Samruk-Kazyna Construction»АҚ Басқарма төрағасы: «Жыл соңына дейін 164 мектеп, 93% қазірдің өзінде бой көтерген, ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, 208 жоспарланған. Жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатыр. Айтарлықтай проблемалар жоқ, тек ауа-райы алдағы уақытта қалай болады, 24 сағат жұмыс істеу керек. Қарапайым мектептерден айырмашылығы, бастауыш сынып оқушылары ғимараттан бөлек шығады, бөлек кіреді және жоғары сынып оқушыларымен байланысқа түспейді».
Кездесу қорытындысы бойынша экономикалық және қаржылық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлесіп іс әрекет ету жөнінде ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.