Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы екіге бөлінді

24
Фото: Отырар.кз

Шымкенттегі сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы екіге бөлінді. Мұндай шешім қалалық мәслихаттың кезекті отырысында қабылданды. Енді сәулет, қала құрылысы жеке ведомство болып жұмыс атқарса, жер қатынастары өз алдын бөлек басқарма болады.

Қос басқармаларға кімдер басшылық ететіні әзірге белгісіз. Мәслихат төрағасы бұл ұзақ уақыт зерделеу жұмыстарынан соң қабылданған шешім екенін айтады. Бұл ұсынысты қала депутаттары да бір ауыздан қолдады.Қала басшысы мұндай шешімге не себеп болғанын атап өтті.

Ғабит Сыздықбеков, Шымкент қаласының әкімі: «Екі басқарма бір-біріне кейбір кезде сәйкестік қана емес, бір-біріне қарама-қайшы шешімдер қабылданып отырған. Сол себепті осындай шешім қабылдадық. Сіздерге қолдауларыңызға рахмет!»