Тик-ток әлеуметтік желісіне салған бейнежазбасы үшін 400.000 теңге төлейтін болды

36
Фото: Pixabay

Ордабасы аудандық сотында талап қоюшы Д-ның жауапкер Ә-дан ар-намысты, қадiр-қасиеттiмен iскерлiк беделдi қорғау және моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі мәні бойынша қараған судья-медиатор Ж.Үсен, сот отырысын жүргізу барысында медиация келісімінің артықшылықтарын түсіндірді. Нәтижесінде тараптар келісімге келіп, оны соттан бекітіп беруді сұрады.
Талап қоюшы өз талап қоюынан бас тартады, ал жауапкер талап қоюды мойындап, «Ш,,,» — деп тик-ток әлеуметтік желісінде орналастырылған бейне жазбаны осы келісім қол қойылған сәттен бастап жоюды, өз еркімен 400.000тг құрайтын моральдық шығынды бөліп 2026 жылғы 25 мамырға дейін ай сайын бөліп төлеу арқылы өтеуге міндеттенеді. Аталған медиациялық келісім бекітіліп іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды және төленген мемлекеттік баж кері қайтарылды.