Жүргізуші куәлігін жасап беремін деп алаяқтық жасаған азаматтың ісін полиция сотқа жолдады

41
фото САПБ

Созақтық полицейлер алаяқтықтыққа қатысты қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған 40 жастағы ер адамды ұстады.

▫️Белгілі болғандай, жылдар бойы достасып келген танысы «ешқандай емтихансыз, жүргізуші куәлігін алып беремін» деп жалған уәде берген. Жәбірленушіден алдын ала 250.000 теңге ақшасын алып, 6 ай бойы алдап келген.
Ал ақшаны жеке басының пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті жігіттің ісі сотқа жолданды.