Балаға жаңа жылдық киімді қалай таңдаған дұрыс?

25
ОТЫРАР

Балаңызға карнавал костюмін әлі алмаған болсаңыз, бірқатар кеңестерге құлақ түріңіз! Санитар дәрігерлер жаңа жылдық киімді таңдаған кезде неге көңіл бөлу керектігін айтып берді. Мамандар сөзінше, бірінші кезекте киімнің тігіс сапасы мен түймелеріне назар аударған жөн. Тігістер тегіс, ал резеңкелер, белбеулер мен бекіткіштер денені қыспауы тиіс.

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі
«Жаңа жылдық киім ыңғайлы болуы, денені қыспауы және тоңдырмауы тиіс. Материалдың құрамында синтетика аз болуы, костюмні астары табиғи материалдан болуы тиіс. Карнавал киімі сапалы болуы, оның ішінде маскада жағымсыз химиялық иіс болмауы, сонымен қатар бояудың, жылтырдың іздерін қалдырмауы керек»

Бұдан өзге СЭС мамандары жаңа жылға сыйлық таңдарда да аса мұқият болу қажеттігін ескертті. Орын алуы мүмкін түрлі жағдайдың алдын алу мақсатында ең алдымен тауардың сапасына мән беру керек дейді жауаптылар.

Алдаркул Ахметов, Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшы орынбасары: «Қандай да сыйлық болсын, кондитерлік өнімдер болсын сатып алар кезде сол тауардың сапасын куәландыратын құжатты талап ету керек. Ол негізінде сәйкестік сертификаты немесе декларациясы болу керек. Екінші, тауарды алар кезде ол тауардың таңбалануына көңіл бөлу керек. Таңбалануы міндетті түрде мемлекеттік тілде болу керек. Және орыс тілінде болу керек»