Отбасылық кітапханада бүлдіршіндер жаңа жыл мерекесін тойлады

22

Жаңа Жылға орай шаһарда мерекелік іс-шаралар бастауын алды. Қаладағы отбасылық кітапханада кішкентай оқырмандарға арналған Жаңа Жыл шыршасы көңілді өтті. Өйткені кітапханашылар №27 балабақшасының ұжымымен бірігіп, ұл-қыздарды кітаптан таныс кейіпкерлерімен қауыштырды.

Шымкенттегі отбасылық кітапханасында, Жаңа жылдың алдында қаланың белсенді оқырмандары арасында «Жаңа Жыл шыршасы» мерекесі ұйымдастырылды. Бұл жолы іс-шараға №50 мектептің 2 сынып оқушылары және мектеп алды даярлық сыныбының бүлдіршіндері шақырту алған. Бүлдіршіндер Аяз Ата, Ақша қар мен сүйікті ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып, ән айтып, дайындаған өлең, тақпақтарын көпшілікке паш етті.

Отбасылық кітапхана ұжымы Жаңа жылды жақсы көрсеткіштермен қарсы алуда. Мекемеде балалардың кітап оқуға деген ынтасын арттыру бағытында түрлі жоспарлы іс шаралар ұйымдастырылған. Бүгінде оқырмандардың саны жүйе бойынша 75 мыңнан асқан.

Халипа Аймаханова, қалалық отбасылық кітапханасының 2-ші дәрежелі кітапханашысы: «Кітап қоры жылдан жылға артып келеді, қазір 438 мың кітап қорымыз бар. 400 — ге жуық іс-шара өткізіппіз. Кітап қоры да жылдан жылға артып келеді. Әр мерекеге тақырыптық іс шаралар өткізіп тұрдық. Ертегілер балалардың ой өрісін кеңейтуде».

Арайлым Сланбаева, №27 балабақшаның тәрбиешісі: «Бүгін міне кітапханамен бірге бірігіп балаларға Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастырдық. Дәстүрге айналған».

Жаңа Жыл шыршасында қуанышқа бөленген балалары мен немерелерін жүзіне дән риза әже, ата-аналары ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.

Оразкүл Сартайқызы, ата—ана: «Осы саладағы барлық қызметкерлерге алғысым шексіз. Балалардың білімге құштарлығын арттырып, оларды қызықтырып Жаңа Жыл құтты болсын. Отбасыларыңыз аман, табыс тілеймін».

Ұйымдастырушылардың айтуынша Жаңа Жыл шыршасы мерекесі балалардың қысқы демалысында да жалғасын табады.

Шынар Оразова