IZUMY сауда орталығы жаңа жыл қарсаңында тиімді жеңілдіктер ұсынады. Сіздер бұл дүкеннен жарасымды, әрі сәнді киімдерді таба аласыздар. Мәселен, Итальяндық Giovane Gentile брендінің өкілдері маусымның басты тренді мен заманауи ерлер киімдерін көпшілікке таныстырды. Бұл киімдердің қандай ерекшеліктері бар?
IZUMY сауда орталығына италияндық эксклюзивті ерлер киімін ұсынатын Giovane Gentile брендінің өкілдері келді. Олар маусымның негізгі сән үлгілері мен ерлер образын қалыптастырудың қыр-сырын таныстырды. Сонымен қатар, ер азаматты заманауи сән үлгісімен киіндіру бойынша кеңестерін беріп, дүкен қызметкерлеріне өз тәжірибелерімен бөлісті.
Giovane Gentile (Жабани жентели) бренді өзіндік эстетикасымен және талғампаз түстер үйлесімімен ерекшеленеді. Киім мен аксессуарлар тек жоғары сападағы материалдардан тігіледі. Натиг Абасоглудың айтуынша, топтамада іскерлік костюмдермен қатар нәзік жакеттер мен блейзерлер, классикалық жейделер, күнделікті джинсылар, шалбарлар мен күртелер бар. Айта кетерлігі, ерлерге арналған топтамалар нәзік жандылар арасында да сұранысқа ие бола бастаған.
НАТИГА АБАСОГЛУ, «GIOVANE GENTILE» БРЕНДІНІҢ ӨКІЛІ: «Қазіргі уақытта біз өз серіктестерімізге келдік. IZUMY сауда орталығымен шамамен 15 жыл бойы бірлесе жұмыс істеп келеміз және Шымкент қаласында түріктің атаулы бренді ретінде өз киімдерімізді ұсынып отырмыз. Біздің компания бұл салада шамамен 40 жылдан бері еңбек етіп келеді. Басты ерекшелігіміз – біз тек тауар ұсынып қана қоймай, өз тәжірибемізбен де бөлісеміз».
Әрбір сатып алушы қысқа уақыт ішінде мінсіз образ қалыптастыра алуы үшін IZUMY сауда орталығында білікті сатушы-кеңесшілер жұмыс істейді. Олар әлемнің әр елінен келген жетекші дизайнерлерден білім алып, сәннің заманауи бағыттарын үнемі меңгеріп отырады. Ал саудаңыз одан әрі жағымды болуы үшін IZUMY-де жаңа жылдық тиімді жеңілдіктер қарастырылған.
Түрлі дизайн мен түстердің сан алуан үлгісіндегі кең таңдау «IZUMY» сауда орталығында. Сондықтан, жаңа жыл қарсаңындағы жеңілдіктер мен тамаша сыйлықтардан құр қалмаңыз. Сондай-ақ, таңдаулы киімдермен жақындарыңызды қуантуды да ұмытпаңыз.






