Есепте тұратын 40-тан астам тұрғын жұмысқа орналасты

фото ТОПД
«Есепте тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, пробация және ішкі істер органдарының есебінде тұрған 43 тұлғаға жаңа жұмыс орындарына жолдама берілді.
Бұл шараны полиция қызметкерлері мен Түркістан облысының жұмыспен қамту басқармасы ұйымдастырды. Өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қылмыс пен құқық бұзушылық жасағаны үшін есепте тұратын жандардың қайта дұрыс жолға түсіп, қоғамға бейімделуіне оң әсерін тигізеді деп білеміз.
Сондай-ақ жәрмеңке тек жұмысқа орналастыру шарасы ғана емес, ақпараттандыру көзіне айналды. Екі қолға бір күрек іздеушілерге жұмыспен қамту заңнамалары бойынша түсіндірме жүргізіліп, жаднамалар таратылды.